KEMEL BILIM
Кіру
1000Ең жиі сөздер — қазақшасымен, тегін

Бірінші топқа қабылдау жүріп жатыр

KEMEL BILIM · онлайн білім беру орталығы

Ағылшын тілін қазақша түсініп үйрен 

Нөлден бастайсың, A1 деңгейіне жетесің: күніне 20–30 минут жеткілікті. Қысқа бейнесабақтар мен ойындар — бәрі сайтта, өз қарқыныңмен оқисың. 100 сабақ тегін: бүгін тіркеліп, бүгін бастай аласың.

Тегін құралдар

Банк картасы қажет емес · Артық хабарлама жібермейміз

Мұғаліммін

I am a teacher

Қазақша «-мін» не істесе, ағылшынша am соны істейді

  • 100 сабақ — тегін
  • 1000 жиі сөз — тегін, тіркелусіз
  • 24 сабақ
  • күніне 20–30 минут
  • өз қарқыныңмен

Он бір жыл оқып, неге сөйлей алмайсың?

Ереже жаттадың, тест тапсырдың. Бірақ сөйлеуді ешкім үйретпеді. Мұнда алғашқы сабақтан-ақ сөйлемді өзің құрайсың.

Орысша түсіндірсе, ойың екіге бөлінеді

Ағылшын тілін орыс тілі арқылы үйренсең, екі тілді қатар ұстауға тура келеді. Біз қазақша түсіндіреміз, сондықтан бар назарың ағылшынға түседі.

Бастадың да, тастадың

Күніне 20–30 минут, нәтижең әрдайым көз алдыңда. Тастап кетуге жүйенің өзі жол бермейді.

Ағылшын сен ойлағаннан жақын

Дәрігермін

↓

I am a doctor

Қазақша «дәрігерМІН» дегенде сөз соңына «-мін» жалғайсың, ағылшыншада сол жалғаудың орнына am тұрады. Бұл құрылымды күнде қолданасың, тек ағылшыншасын байқамайсың.

He driver ✗

Қазақша «Ол — жүргізуші» дегенде қосымша сөз керек емес. Сол әдет ағылшыншаға көшіп, is түсіп қалады. Курс дәл осындай тұстарды ескеріп жасалған, оларды алдын ала пысықтайсың.

жасап жатырмын → I am doing

Ағылшын тіліндегі Continuous шағы саған бұрыннан таныс: «жасап жатырмын» деп күнде айтасың. Орыстілділерге қиын тақырып сен үшін оңай болып шығады.

Бұл — аударма курс емес, қазақша ойлайтындарға арнап жазылған бағдарлама.

Сабақты өз көзіңмен көр

Нақты сабақтың үзіндісін де, платформаның өзін де көресің: бейнесабақ пен ойындар бірінен соң бірі жүреді, бірін бітіріп, келесісіне өтесің.

Бірінші сабақтан үзінді, дыбысын қосып көр

Қазір · Ойын

Дұрыс па?

3 мин · 2-сабақ · Ол кім?

Жалғастыру
✓1-сабақМен … -мін → I am6/6
22-сабақОл кім? → He is / She is6/7
  • ✓Ол кім? → He is / She is100 ұпай
  • ✓Құлақпен ажырат67 ұпай
  • ✓Не ме, she ме?100 ұпай
  • Дұрыс па?Ойын

Оқу жолың түгел платформада, телефоннан-ақ оқи бересің

Қалай өтеді?

01

Көресің

4–6 минуттық бейнесабақ: ережені жаттатпаймыз, алдымен мысал көрсетіп, содан кейін қазақша түсіндіреміз.

02

Бекітесің

Әр сабақтан кейін — ойындар. Көргеніңді бірден өзің қолданасың.

03

Сөйлейсіңклуб тарифінде

Аптасына бір рет тікелей эфирде топтық сөйлесу сабағы өтеді. Топқа тегін сабақтардан өткендер жиналады, куратор бүкіл жол бойы қасыңда болады.

Бағдарлама: A1 → B2

Әр сабақ алдыңғысын бітірген соң ашылады. Ай сайын төлейсің, оқуды кез келген уақытта тоқтата аласың. A1 мен B2 — халықаралық деңгейлер: A1 — бастапқы, B2 — тілді сенімді қолдану деңгейі.

A1

Нөлден бастайсың: өзің туралы айтасың, сұрақ қоясың, қарапайым әңгіме құрасың.

A2

Күнделікті тақырыптарда еркін сөйлей бастайсың.

B1

Пікіріңді айтасың, оқиға баяндайсың, жұмыста қолданасың.

B2

Күрделі тақырыптарда да сенімді сөйлейсің.

KEMEL BILIM

KEMEL BILIM

онлайн білім беру орталығы

Біз туралы

Заманауи білім қазақ тілінде сөйлейді

KEMEL BILIM — қазақ тіліндегі заманауи онлайн оқу орталығы. Күрделі нәрсені қазақша, қарапайым тілмен түсіндіреміз. Асықтырмаймыз: әркім өз қарқынымен жүреді.

Алғашқы бағытымыз — ағылшын тілі. Бұл аударылған курс емес: бағдарлама қазақша ойлайтын адамға арналып, басынан бастап жасалды.

01

Мазмұнды өзіміз жасаймыз

Әдістемені де, бейнесабақты да, ойынды да өзіміз жасаймыз — бәрі бір жүйеге құрылған.

02

Қазақша ойлаудан бастаймыз

Дайын курсты аудармаймыз. Тақырыпты қазақ тілінің логикасы арқылы түсіндіретін бағдарламаны басынан жасаймыз.

03

Нәтижені адал айтамыз

Бағдарламаны да, бағаны да жасырмаймыз. Жылдам нәтиже уәде етпейміз, бірақ біртіндеп алға жүресің.

Бірінші топпен бірге платформаны дамытып жатырмыз.

Әр пікір келесі сабаққа да, ойынға да тікелей әсер етеді.

Тарифтер

Ай сайын төлейсің. Ұзақ мерзімді келісімшарт жоқ, оқуды кез келген уақытта тоқтата аласың. Алдымен тегін курстан — 100 сабақ — өтесің, төлем содан кейін ғана.

Платформа

9 900 ₸ / ай

күніне ≈ 330 ₸

  • Барлық бейнесабақтар
  • Ойындар
  • Қорытынды тапсырмалар мен оқу нәтижесі
  • Өз қарқыныңмен, кез келген уақытта

Алдымен 100 тегін сабақ, төлем содан кейін

Ең танымал

Платформа + клуб

14 900 ₸ / ай

күніне ≈ 500 ₸

  • «Платформадағының» бәрі
  • Аптасына бір рет тікелей эфирдегі топтық сөйлесу сабағы
  • Шағын топ — 5 адамға дейін
  • Куратор прогресіңді бақылап, қолдап отырады

Клуб тобына тегін курстан өткендер жиналады. Тарифті таңдаған соң бір апта ішінде сабақ басталады. Орын шектеулі.

Алдымен 100 тегін сабақ, төлем содан кейін

Салыстыру үшін: жеке репетитордың бір сабағы 5 000–10 000 ₸ тұрады. Жеке сабақ керек болса, тіркелген соң бізге жаз, бөлек ұсыныс дайындаймыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

A1, B2 деген не?

Бұл — тіл деңгейін анықтайтын халықаралық жүйе. A1 деңгейінде өзің туралы айтып, қарапайым сұрақтарға жауап бересің. A2 — күнделікті қарым-қатынас, B1 — ойыңды еркін жеткізу, B2 — күрделі тақырыптарды сенімді талқылау деңгейі. Біз A1-ден бастаймыз, алдын ала ештеңе білу міндетті емес.

Мен мүлдем нөлден бастаймын. Бұл курс маған сай келе ме?

Иә. Курс нөлден басталады: алғашқы сабақтан-ақ өз тіліңдегі таныс құрылымдар арқылы түсінесің. Күмәнің болса, алдымен алты тегін сабақтан өтіп көрші.

Сабақтар қашан, қалай өтеді?

Бейнесабақтарды өзіңе ыңғайлы уақытта көресің, қатаң кесте жоқ. Клуб тарифіндегі топтық сөйлесу сабағы аптасына бір рет өтеді, уақытын топпен бірге келісесің.

Уақытым аз. Үлгерем бе?

Күніне 20–30 минут жеткілікті: бір бейнесабақ немесе бір-екі ойын. Әр сабақ аптаға есептелген, асығатын ештеңе жоқ.

35+ жаста бастау кеш пе?

Кеш емес. Сабақ ана тіліңде түсіндірілсе, жаңа тілді кез келген жаста үйренуге болады. Топтарда жастар да, ересектер де бар.

Баламды курсқа жазсам бола ма?

Болады. Түсіндірме қарапайым қазақша — мектеп оқушысы да түсінеді. Бала қазақша еркін оқитын болса, сабақты өзі-ақ оқып кете алады. Күмәнің болса, тегін сабақтардан баламен бірге өтіп көр.

Төлем қалай жүреді? Қалай тоқтатам?

Ай сайын төлейсің. Жалғастырғың келмесе, келесі айдың ақысын төлемейсің. Ұзақ мерзімді келісімшарт та, айыппұл да жоқ.

Неге жеке репетитор емес?

Репетитормен аптасына небәрі 1–2 сағат оқисың, әр сабағы 5 000–10 000 ₸. Мұнда күн сайын жаттығасың, ал айлық баға репетитордың екі сабағындай ғана.

Неге түсіндірме қазақша?

Жаңа тілді ана тілің арқылы түсіну — ең қысқа жол: ережені жаттамайсың, мағынаны көресің. Оның үстіне курс қазақ тілінің ерекшеліктеріне құрылған, бұл — аударма курс емес.

100 тегін сабақтан кейін не болады?

Қорытынды тапсырмадан өтіп, нәтижеңді көресің. Жалғастырғың келсе, тариф таңдайсың да, сабақтарды сол кабинетте жалғастыра бересің. Ешқандай төлем автоматты түрде алынбайды.

Ағылшын тілін бүгіннен бастап үйрен

100 сабақ — тегін. Тіркел де, бірінші сабақты бүгін-ақ баста.