KEMEL BILIM
Кіру

Тегін · тіркелусіз

Ең жиі 1000 ағылшын сөзі — қазақшасымен

Ағылшынның жартысы — жүз-ақ сөз екен. Мына тізім — жиілігі бойынша: аудармасы, сөз табы және күнде айтылатын тіркесі.

Жаттығу

10 сұрақ · теру жоқ, тек таңдау · қателескен сөз ертең қайта келеді

10сөз →¼
кез келген мәтіннің төрттен бірі
100сөз →½
жартысы
1000сөз →80 %+
күнделікті сөйлеудің сексен пайыздан астамы

Сөздер 1–100 · жиілігі бойынша

Осы полосаны жаттығу →
  1. 1
    theкөмекші сөз
    белгілі зат алдындағы артикль
    the next day — келесі күні
  2. 2
    beетістік
    болу
    be happy — бақытты бол
  3. 3
    andкөмекші сөз
    және · мен/бен/пен
    you and me — сен және мен
  4. 4
    ofкөмекші сөз
    -ның/-нің · тәуелдік
    a cup of tea — бір кесе шай
  5. 5
    toкөмекші сөз
    -ға/-ге · инфинитив белгісі
    go to work — жұмысқа бару
  6. 6
    aкөмекші сөз
    белгісіз зат алдындағы артикль · бір
    have a nice day — күнің сәтті өтсін
  7. 7
    inкөмекші сөз
    -да/-де · ішінде
    in the morning — таңертең
  8. 8
    haveетістік
    бар болу · ие болу
    I have a car — менің көлігім бар
  9. 9
    itесімдік
    ол
    I like it — маған ұнайды
  10. 10
    youесімдік
    сен · сіз
    How are you? — Қалың қалай?
  11. 11
    heесімдік
    ол (ер адам)
    He is my friend — Ол менің досым
  12. 12
    forкөмекші сөз
    үшін
    a gift for you — саған арналған сыйлық
  13. 13
    theyесімдік
    олар
    They are students — Олар студенттер
  14. 14
    notкөмекші сөз
    емес · болымсыздық
    I am not ready — Мен дайын емеспін
  15. 15
    thatесімдік
    анау · сол
    Look at that car — Ана көлікке қарашы
  16. 16
    weесімдік
    біз
    We are a family — Біз бір отбасымыз
  17. 17
    onкөмекші сөз
    үстінде · -да/-де
    on the table — үстелдің үстінде
  18. 18
    withкөмекші сөз
    бірге · -мен/-бен/-пен
    coffee with milk — сүтпен кофе
  19. 19
    thisесімдік
    бұл · осы
    I like this song — Маған осы ән ұнайды
  20. 20
    Iесімдік
    мен
    I am from Kazakhstan — Мен Қазақстаннанмын
  21. 21
    doетістік
    істеу · жасау
    do your homework — үй жұмысыңды істе
  22. 22
    asкөмекші сөз
    сияқты · ретінде
    as soon as possible — мүмкіндігінше тезірек
  23. 23
    atкөмекші сөз
    -да/-де
    at work — жұмыста
  24. 24
    sheесімдік
    ол (әйел адам)
    She is a doctor — Ол дәрігер
  25. 25
    butкөмекші сөз
    бірақ
    I want to go, but... — Барғым келеді, бірақ...
  26. 26
    fromкөмекші сөз
    -дан/-ден
    I am from Almaty — Мен Алматыданмын
  27. 27
    byкөмекші сөз
    арқылы · жанында
    come by car — көлікпен келу
  28. 28
    willмодаль етістік
    келер шақ көмекші етістігі
    I will call you — Мен саған хабарласамын
  29. 29
    orкөмекші сөз
    немесе · я
    tea or coffee? — шай ма, кофе ме?
  30. 30
    sayетістік
    айту · деу
    What did you say? — Сен не дедің?
  31. 31
    goетістік
    бару · жүру
    Let's go home — Үйге қайтайық
  32. 32
    soүстеу
    сондықтан · сондай
    I am so tired — Мен сондай шаршадым
  33. 33
    allесімдік
    бәрі · барлық
    all day long — күні бойы
  34. 34
    ifкөмекші сөз
    егер · -са/-се
    if you want — егер қаласаң
  35. 35
    oneсан есім
    бір
    one more time — тағы бір рет
  36. 36
    wouldмодаль етістік
    шартты рай · сыпайы өтініш
    Would you like some tea? — Шай ішесіз бе?
  37. 37
    aboutкөмекші сөз
    туралы · жайлы
    What is it about? — Бұл не туралы?
  38. 38
    canмодаль етістік
    мүмкіндік · -а/-е алу
    I can help you — Мен саған көмектесе аламын
  39. 39
    whichесімдік
    қай · қайсы
    Which one do you want? — Қайсысын қалайсың?
  40. 40
    thereүстеу
    бар (конструкция)
    There is a problem — Бір мәселе бар
  41. 41
    knowетістік
    білу
    I don't know — Мен білмеймін
  42. 42
    moreүстеу
    көбірек · тағы
    I need more time — Маған көбірек уақыт керек
  43. 43
    getетістік
    алу · жету
    get home late — үйге кеш келу
  44. 44
    whoесімдік
    кім
    Who are you? — Сен кімсің?
  45. 45
    likeетістік
    ұнату
    I like music — Мен музыканы ұнатамын
  46. 46
    whenүстеу
    қашан
    When is your birthday? — Сенің туған күнің қашан?
  47. 47
    thinkетістік
    ойлау · ойлаймын
    I think so — Мен солай ойлаймын
  48. 48
    makeетістік
    жасау
    make a mistake — қателік жасау
  49. 49
    timeзат есім
    уақыт
    What time is it? — Сағат неше болды?
  50. 50
    seeетістік
    көру
    See you later — Кездескенше
  51. 51
    whatесімдік
    не
    What is your name? — Сенің атың кім?
  52. 52
    upүстеу
    жоғары
    What's up? — Қалайсың? · Не жаңалық?
  53. 53
    someесімдік
    бірнеше · біраз
    I need some water. — Маған біраз су керек.
  54. 54
    otherсын есім
    басқа · өзге
    the other day — күні кеше · жақында
  55. 55
    outүстеу
    сыртқа · далаға
    Let's go out. — Сыртқа шығайық.
  56. 56
    goodсын есім
    жақсы
    Have a good day. — Күніңіз сәтті өтсін.
  57. 57
    peopleзат есім
    адамдар
    a lot of people — көп адам
  58. 58
    yearзат есім
    жыл
    next year — келесі жылы
  59. 59
    takeетістік
    алу
    take a photo — суретке түсіру
  60. 60
    noкөмекші сөз
    жоқ
    I have no idea. — Хабарым жоқ.
  61. 61
    wellүстеу
    жақсы
    I hope you are well. — Жағдайың жақсы деп үміттенемін.
  62. 62
    becauseкөмекші сөз
    себебі · өйткені
    because I was tired — себебі мен шаршадым
  63. 63
    veryүстеу
    өте
    very good — өте жақсы
  64. 64
    justүстеу
    жай ғана · енді ғана
    I just arrived. — Мен енді ғана келдім.
  65. 65
    comeетістік
    келу
    Come with me. — Менімен бірге жүр.
  66. 66
    couldмодаль етістік
    мүмкіндік · істей алу (өткен шақ)
    Could you help me? — Маған көмектесе аласыз ба?
  67. 67
    workзат есім
    жұмыс
    go to work — жұмысқа бару
  68. 68
    useетістік
    қолдану · пайдалану
    Can I use this? — Мұны қолдансам бола ма?
  69. 69
    thanкөмекші сөз
    -дан/-ден · қарағанда
    better than yesterday — кешегіден жақсы
  70. 70
    nowүстеу
    қазір
    right now — дәл қазір
  71. 71
    thenүстеу
    содан соң · сосын
    See you then. — Сол кезде кездескенше.
  72. 72
    alsoүстеу
    сондай-ақ · тағы
    Me also. — Мен де.
  73. 73
    intoкөмекші сөз
    ішіне · -ға/-ге
    come into the room — бөлмеге кіру
  74. 74
    onlyүстеу
    тек · ғана
    only for you — тек сен үшін
  75. 75
    lookетістік
    қарау
    Look at me. — Маған қара.
  76. 76
    wantетістік
    қалау · керек болу
    I want to eat. — Тамақ жегім келеді.
  77. 77
    giveетістік
    беру
    Give me a call. — Маған хабарлас.
  78. 78
    firstсан есім
    бірінші · алғашқы
    the first time — бірінші рет
  79. 79
    newсын есім
    жаңа
    a new car — жаңа көлік
  80. 80
    wayзат есім
    жол · әдіс
    on my way — жолда келе жатырмын
  81. 81
    findетістік
    табу
    I can't find it. — Мен оны таба алмай жатырмын.
  82. 82
    overкөмекші сөз
    үстінде · аяқталды
    The game is over. — Ойын аяқталды.
  83. 83
    anyесімдік
    кез келген · ешқандай
    Do you have any questions? — Сұрақтарыңыз бар ма?
  84. 84
    afterкөмекші сөз
    кейін · соң
    after work — жұмыстан кейін
  85. 85
    dayзат есім
    күн
    all day long — күні бойы
  86. 86
    whereүстеу
    қайда
    Where are you from? — Қайдан боласыз?
  87. 87
    thingзат есім
    зат · нәрсе
    the same thing — сол нәрсе
  88. 88
    mostесімдік
    ең · көпшілігі
    most of the time — көбінесе
  89. 89
    shouldмодаль етістік
    керек · тиіс (кеңес)
    You should go. — Сен баруың керек.
  90. 90
    needетістік
    қажет болу · керек
    I need help. — Маған көмек керек.
  91. 91
    muchесімдік
    көп (саналмайтын)
    How much is it? — Бұл қанша тұрады?
  92. 92
    rightсын есім
    дұрыс · оң
    That's right. — Дұрыс айтасың.
  93. 93
    howүстеу
    қалай
    How are you? — Қалың қалай?
  94. 94
    backүстеу
    артқа · кері
    I'll be right back. — Мен қазір келемін.
  95. 95
    meanетістік
    білдіру · мағынасы болу
    What do you mean? — Нені меңзеп тұрсың?
  96. 96
    evenүстеу
    тіпті · да/де
    even if it rains — жаңбыр жауса да
  97. 97
    mayмодаль етістік
    мүмкін · рұқсат (болуы)
    May I help you? — Сізге көмектесе аламын ба?
  98. 98
    hereүстеу
    мұнда · осында
    Come here. — Бері кел.
  99. 99
    manyесімдік
    көп (саналатын)
    many times — көп рет
  100. 100
    suchесімдік
    сондай · осындай
    such a beautiful day — сондай тамаша күн

Тізімді қалай пайдалану керек

Күніне бес сөз — тіркесімен. Бір айда — жүз елу. Төменде — нөлден қайта бастасақ ұстанатын алты қағида.

  1. 1

    Ең жиі мың сөзден баста

    Кездейсоқ сөз жаттама. Осы тізімдегі мың сөз күнделікті сөйлеудің сексен пайыздан астамын жауып тұр. Бірінші жүзден баста — ол мәтіннің жартысы.

  2. 2

    Сөз емес — тіркес

    Сөзді жеке емес, тіркесімен үйрен. «Шешім» емес — «шешім қабылдау»; ағылшынша да солай: make a decision. Сондықтан әр сөздің қасында тіркесі тұр — соны жатта.

  3. 3

    Түсінетініңді тыңда

    Түсінбейтінді тыңдап уақыт кетірме. Сөздерінің көбін түсінетін нәрсені таңда: жеңіл видео, қарапайым диалог, субтитрі ағылшынша.

  4. 4

    Күнде сөйле

    Бірінші күннен дауыстап сөйле. Күніне бес сөйлем, өз өмірің туралы — өзің туралы айтқан сөйлем есте жақсы қалады. Қатеңді түзейтін адам тап.

  5. 5

    Еске түсір — аралықпен

    Қайта-қайта оқыма. Тізімді жауып қойып, еске түсір: бүгін, ертең, бір аптадан кейін, бір айдан кейін. Сөз сөйтіп ұзаққа қалады.

  6. 6

    Ережеге — төрттен бір

    Грамматикаға уақыттың төрттен бірін ғана бер. Оның өзінде — қазақша мен ағылшынша айырмасы бар жерге ғана. Қалғаны тыңдап-сөйлеп жүргенде өзі келеді.

Тізім — бастамасы ғана

Сөздерді сөйлеуге айналдыратын — сабақ пен ойын. Тегін курста — 100 сабақ: бейнесабақтар, ойындар, қазақша түсіндірме.

Тізім негізі — New General Service List (Browne, Culligan & Phillips, 2013), CC BY-SA 4.0. Қазақша аудармасы мен тіркестер — KEMEL BILIM. Қателік байқасаң — жаз, түзетеміз.